Екі сыған әйелдің үйінен ұрланған алтын бұйымдар мен есірткі табылды
Екі сыған әйелдің үйінен ұрланған алтын бұйымдар мен есірткі табылды
Фото: kz.mir24.tv
297
оқылды

Ақтөбеде базарда тұрғындарды тонаумен айналысқан екі әйел ұсталды. Олардың үйінен 41 алтын бұйым, 21 ұялы телефон, 92 смартфонның флэш-картасы, 2 адаптер, 13 USB-карта, 8 әмиян, 28 ұялы телефонның қабы табылды. Бұл туралы AstanaTV хабарлады.

Полицейлер үйден 990 мың теңге ақша мен қағазға оралған марихуана тапқан. Екі әйелдің біреуі қамауға алынып, екіншісі үйқамақта қалды. Әйелдер «заттардың бәрі өзіміздікі» деп ақталды. Бірақ тәркіленген заттар ашылмаған қылмыстық істер бойынша ұрланған мүлік екені анықталды.

Сабыржан Дәуренбеков Ақтөбе қалалық полиция басқармасының бөлім бастығы: «Барлық полиция бөлімдеріне тәркіленген заттардың фотосуреттері жолданды. Жәбірленушілер тәркіленген заттардың арасынан өз заттарын танып, анықтап жатса, №2 қалалық полиция бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз».

Бұған дейін Алматыда жезөкшелерді тонаған екі ұры ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.