Мал қырылып жатқанда Ауыл шаруашылығы министрлігін көшіру үшін 3,5 миллиард теңге жұмсалмақ
Мал қырылып жатқанда Ауыл шаруашылығы министрлігін көшіру үшін 3,5 миллиард теңге жұмсалмақ
©А.Ахметқазы
258
оқылды

Астанада Ауыл шаруашылығы министрлігінің ғимараты Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан. Оны сол жағалаудағы Министрліктер үйіне көшіру үшін 3,5 миллиард теңге жұмсалмақ. Осы мақсатта Министрліктер үйінің бүтіндей бір бөлігі (3-кіреберіс - ред.) сатып алынған, – деп жазады sputnik.kz.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Карашөкеевтің айтуынша, көшіп-қонуға жұмсалатын 3,5 миллиард теңге қаржы қазынадан бөлінді. Министрлікті көшірудегі мақсат – Министрліктер үйінде орналасқан өзге министрліктерге жақын отыру.

«Сол жағалауда орналасқан Министрліктер үйіне көшіруге жағдай жасаған Үкіметке рақмет! Министрліктер үйінің 3-кіреберісін сатып алдық. Енді біз өзге әріптестерімізге жақын отырамыз. Жұмыс барысында уақыт үнемдейміз», – деді Ербол Карашөкеев.

Оның айтуынша, министрлікті көшіру үшін биыл қуаңшылықтан малы қырылған Қызылорда, Маңғыстауға жем-шөп жеткізу, шаруалардың шығынын өтеу үшін бөлінген қаражат көлемі қысқармаған.