Елордада жолаушылар автобусы қоршауды бұзып өтті
Елордада жолаушылар автобусы қоршауды бұзып өтті
184
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында жолаушылар автобусы қоршауды бұзып өтті, – деп хабарлайды қалалық Полиция департаменті.
«23 желтоқсан күні сағат 14:34 шамасында 33 жастағы жолаушылар автобусының жүргізушісі Серкебаев көшесі жағынан Бейсекова көшесіне қарай Қосшығұлұлы көшесімен келе жатып, көктайғақ салдарынан көліктің руліне ие бола алмай, металл қоршауды бұзып өтті. Жол апатынан зардап шеккендер жоқ», – делінген хабарламада.
Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Материал Нұр-Сұлтанның мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)