«Атырау толқындары» антологиясының тұсаукесері өтті
«Атырау толқындары» антологиясының тұсаукесері өтті
504
оқылды

Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейлі мерекесіне орай НСОС компаниясының демеушілігімен жас ақындардың жыр жинағы жарық көрді. Оған өңірдегі Тәуелсіздік тұсында дүниеге келген 30 жас ақынның өлеңдері енді.

   width= Кітаптың тұсаукесер рәсіміне Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Бахытұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Рашиля Қабиқызы, НСОС компаниясының қарым-қатынастарды қолдау жөніндегі менеджері Риза Зұлқарнаев, компанияның жұртшылықпен байланыс жөніндегі кеңесшілері Гүлнар Еркетанова, Ақшолпан Тұрақбаева және т.б. қатысты.    width= Салтанатты шарада Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов, НСОС компаниясының қарым-қатынастарды қолдау жөніндегі менеджері Риза Зұлқарнаев, Мемлекет және қоғам қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Рашиля Қабиқызы, ардагер журналист, қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Төлеген Жаңабайұлы сөз сөйлеп, жастардың шығармашылығына табыс тіледі.    width= Өз кезегінде антологияға өлеңдері енген жас ақындар Асланбек Шығыр, Равиль Ашығалиев, Рақымжан Асқар және Асылбек Ищанов жыр оқыды.  width=

Кеш соңында іс-шараның ұйымдастыруға ұйытқы болған «Руханият» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Әлия Даулетбаева кітапхана ұжымы мен жыр жинағын шығаруға атсалысып, демеушілік танытқан НСОС компаниясына алғысын білдірді.