Ер адамдар жемқорлыққа жақын
Ер адамдар жемқорлыққа жақын
247
оқылды
Елімізде тіркелген сы­бай­лас жемқорлыққа қатысты қылмыстың 83 пайызын ер адамдар жасайды. Қалған аз ғана бөлігіне әйелдер бар­ған. Осылай ерлердің әйел­дерге қарағанда қаржы жым­қыруға әуес екені анықталып отыр. Сот шешімдерінің дені Шымкент пен Нұр-Сұлтан қаласында, Алматы мен Батыс Қазақстан облыстарында шыққан. Сарапшылар соңғы үш жылдағы 1,5 мыңнан аса сыбайлас жемқор­лыққа қатысты қыл­мыстық істі саралап, қо­рытынды жасаған. Сот актілерінің банкінде сақтал­ған деректердің 11-іне Қылмыс­тық кодекстің сыбайлас жем­қорлық бабы бойынша жаза қол­данылғаны белгілі болды.