Елімізде тіркелген сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстың 83 пайызын ер адамдар жасайды. Қалған аз ғана бөлігіне әйелдер барған. Осылай ерлердің әйелдерге қарағанда қаржы жымқыруға әуес екені анықталып отыр.
Сот шешімдерінің дені Шымкент пен Нұр-Сұлтан қаласында, Алматы мен Батыс Қазақстан облыстарында шыққан. Сарапшылар соңғы үш жылдағы 1,5 мыңнан аса сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істі саралап, қорытынды жасаған. Сот актілерінің банкінде сақталған деректердің 11-іне Қылмыстық кодекстің сыбайлас жемқорлық бабы бойынша жаза қолданылғаны белгілі болды.