«Достық» тұрғындары электр желісіне қосылды
«Достық» тұрғындары электр желісіне қосылды
380
оқылды
«Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы аясында Шымкент қаласының тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесі қарас­тырылған болатын. Осыған орай Шымкент қаласын­дағы «До­стық» тұрғын алабына электр желісін тарту үшін биыл маусым айында құры­лыс жұмыстары басталды. Мердігер ме­ке­ме «Жолсерік» ЖШС осы кесімді мер­зім ішінде 310 электр бағанасын ор­на­тып, 14 шақырым электр желісін тарт­ты. Бүгінде құры­лыс жұмыстары то­лы­ғымен аяқталып, нәтижесінде 234 або­нент сапалы электр қуатымен қам­тылды. Қазір «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС әр үйге жеке есепшот ашып, электр желісіне қосу жұмыстарын жүр­­гі­зіп жатыр. Бүгінде 100-ден астам үй электр жүйесіне қосылды. Қалған тұр­ғын­жайларды желіге рет-ретімен қосу қарастырылған. Жалпы, 2021 жылы Шымкент қа­ла­сында екі қосалқы стансада жә­не жеті елді мекенде құрылыс жұ­мыс­тары аяқ­талып, 21,3 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қам­тыл­ды. Нәти­же­сін­де, мегаполисті электр қуа­тымен қамту көр­сеткіші 97 пайызға жетті.