Жырласа, жастар жырласын
Жырласа, жастар жырласын
562
оқылды

Аудан әкімі Нариман Мақұлбековтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Жырласа, жастар жырласын» атты республикалық ақындар айтысы өтті.  Айтысқа аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаров, аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Ақындардың басын қосқан дүбірлі додаға Қызылорда облысы Арал ауданынан Бексұлтан Орынбасаров,  Алматы облысынан Сырым Әуесхан, Қызылорда облысы Сырдария ауданынан Нұрмат Мансұров,  Шиелі ауданынан Мейірбек Сұлтанхан мен Ержан Әмір, Жамбыл облысы Тараз қаласынан Рай Дөңбай, Нұр-Сұлтан қаласынан Нартай Тілеуқұл, Түркістан қаласынан Тұрар Тілеулиевтер сынды 8 айтыскер қатысып, бақ сынады. айтыс Айтысқа Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының және 2021 жылғы Алтын домбыра иегері, Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» Бекарыс Шойбеков, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі», Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының мүшесі, «Қазақстан Жастар одағы» сыйлығының лауреаты, Жаңақорған ауданының «Құрметті азаматы», республикаға белгілі айтыс ақын Әбілқайыр Сыздықов, үш дүркін «Алтын домбыра» және «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қызылорда қаласының «Құрметті азаматы», «Мәдениет саласының үздігі» Мұхтар Ниязов, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, Қазақстан Республикасының «Мәдениет саласының үздігі» Кенжебай Жүсіп, Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесінің басшысы Байкенжеев Исабек төрелік етті.  width= – Айтыс – бабаларымыздан мұраға қалған ұлттық құндылықтарымыздың бірі. Қазақтың ерекше баға жетпес өнері. Тарих тұңғиығынан бері қазақты айтыссыз, айтысты қазақсыз елестету мүмкін емес. Төбемізге көтеретін төл өнеріміз. Осы киелі мұраны кеңінен насихаттап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, аға буын мен талантты жастарымызды өнердің кәусар бұлағынан нәр алғызып, шеберлігін шыңдауға ықпал ету мақсатында бүгінгідей ақындар айтысын өткізу халқымыздың ежелгі үрдісі. Осы үрдістен жаңылмай келе жатқан киелі мекен Шиелі халқы тәуелсіздік тойына тарту ретінде еліміздің арқалы айтыскер ақындарының басын қосып, ел мерейін тағы бір мәрте үстем етуде. Киелі Шиелі өңірінен атақты ақын-жыраулар дүниеге келгенін, арғысы Бұдабай Қабылұлы, ағайынды Мәнсүр, Нартай Бекежановтар, ҚР Мәдениет қайраткері Құрманбек Бекпейісов, Мүтәліп Қыраубаев секілді дүлдүл ақындар, сондай-ақ облыстың бас ақыны атанған Маханбетқали Тұрсанов, сөзі өткір, ойы терең Кенжебай Жүсіпов, халықтың ұлына айналған Мейірбек Сұлтанхан, Ержан Амиров дарынды айтыскер ақын Иранғайып Күзенбаев сынды дарабоздарымыз осы өлкенің тумалары. Төл өнеріміз айтысты Шиелі жұртының асығып сағына күтетіні белгілі. Бүгінгі айтыста ақындарымыз қасиетті де, қастерлі балабаларымыздың асыл мұраты Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығын арқау етіп, жырдан шашу шашатынына сенімдіміз, - дейді дүбірлі додада сөз сөйлеген аудан басшысы Нариман Мақұлбеков. Қазылар алқасының шешімімен топтан оза шапқан Аралдық ақын Бексұлтан Орынбасаров бас жүлдеге лайық деп танылды. Дүбірлі дода соңында бірінші орынға Шиелілік ақын Ержан Әмір табан тіреді. Ал жүлделі екінші орынға түркістандық ақын Тұрар Тілеулиев иеленсе, үшінші орынды Нұр-Сұлтан қаласынан келген Нартай Тілеуқұл мен Сырдария ауданынан келген Нұрмат Мансұров теңдей бөлісті. Ақындарға алғысхат пен қаржылай сыйлықтар табысталды.