Коронавирустың "Омикрон" штамы әлемнің 110 елінде анықталды
Коронавирустың "Омикрон" штамы әлемнің 110 елінде анықталды
Фото: 31tv.ru
296
оқылды
Омикрон штамы әлемнің 110 елінде анықталды. Бұл туралы ДДСҰ жұмада таратқан COVID-19-дың жаңа нұсқасы туралы жаңарған мәліметте көрсетілген. Ол "дельтаға" қарағанда тез таралады, - деп хабарлайды РИА Новости.
"22 желтоқсандағы жағдай бойынша, ДДСҰ-ның барлық алты аймағындағы 110 елде омикрон анықталды", - делінген хабарламада.
Деректер омикрон "дельта" штамына қарағанда әлдеқайда жылдам таралатынын және салдары жеңіл болуы мүмкін екенін көрсетеді. Дегенмен, вакциналар немесе бұрын вирус жұқтырып жазылғаны қаншалықты ауруға ықпал ететіні әлі белгісіз.