Эльмира Назирова: 30 жылдық қажырлы еңбектің жемісін қазіргі ұрпақ көріп отыр
Эльмира Назирова: 30 жылдық қажырлы еңбектің жемісін  қазіргі ұрпақ көріп отыр
371
оқылды
Жуырда «Nur Otan» партиясы мен Қазақстан Жазушылар одағының Өзара ынтымақтастық туралы меморандумы аясында өткізілген «Ұлы да­ла» байқауы мәресіне жетті. Сол байқауда әлеуметтік ғылымдар магистрі Эльмира Назирова проза жанры бойынша Бердібек Соқпақбаев атын­дағы арнайы жүлдеге ие болды. Жазушы Әлібек Асқаров бастаған қа­зылар алқасы оның «Бірінші сабақ» деген шығармасын жоғары бағалап, Қа­зақстан тәуелсіздігінің шежіресін көркем тілмен өріп шыққан шеберлі­гін айрықша атап өткен болатын. Осы орайда жас қаламгер әрі саясаттанушымен сұхбаттасып, ой бөлісуді құп көрдік. – Сіз «Ұлы дала» байқауына «Бірінші са­бақ» деп аталатын шығарма жолдапсыз. Онда мұғалім сабақ кезінде студенттерімен бірге еліміздің 30 жылда жеткен жетістіктерін саралайды. Саяси құбылыстарды әдебиетте суреттеудің ерекшелігі неде? – Иә, «Ұлы дала» республикалық шы­ғар­малар байқауына өз туындымды жі­бер­генде жүрексінгенім рас. Әйткенмен, ба­ғым­ды сынап көруге бел будым. Осы жер­­­де байқаудың барынша әділ болғанына ризашылығымды білдіріп өтсем деймін. Байқауға ұсынылған шығармалардың бәрі авторлардың лақап атымен сіздің газеттің сай­тында жарияланып отырды. Барлығы ашық болғандықтан, 300-ге тарта шы­ғар­маның қайсысы жүлдеге лайық екенін көзі қа­рақты оқырман өзі де бағамдай алады. Оның үстіне, проза мен поэзияға бес бір­дей жүлдеден тағайындалып, ал дра­ма­тур­гия мен киносценарий аталымдары бойын­­ша 1-жүлденің ешкімге берілмеуі бар­­лық шығарманың қатаң сүзгіден өтке­нін байқатса керек. Ал сіздің сұрағыңызға келетін болсақ, сая­саттың жолы да, тілі де күрделі. Мен өз шы­ғармамда Тәуелсіздігіміздің 30 жылда жет­кен жетістіктерін саралай келе, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегін әдеби тәсілмен жеткізуге тырыстым. Еліміздің сонау 90-жылдардағы дағдарысты бастан кеш­кен сәтінен бастап қазіргі күнге дейін­гі жетістіктерін сипаттадым. Қазіргі жас­тардың ойлау қабілетіне, сөйлеу әдебіне лайықтап, әрбір оқырман өзінің студенттік шағын еске алатындай әсер қалдыруға тырыстым. Әрине, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың егемендік іргесін нық­тауға арналған еңбегін 25 беттік шы­ғармаға сыйғызу мүмкін емес. Сон­дықтан саясаттанушы ретінде мен Елбасының сыртқы және ішкі саясаттағы ерекше шешімдерін ғана атап өттім. Мысалы, тәуел­сіздігіміздің алғашқы жылдарында ше­карамыздың шегенделгені, жаһанға қауіп төндіретін ядролық қарудан бас тар­туы, еліміздегі 130-дан аса этностың бейбіт өмір сүруі, көрші жатқан бес мемлекетпен тату қарым-қатынаста болуымыз, тек көр­шілер ғана емес, әлемдік қауымдастықтағы кез келген елмен ынтымақтастық орнатуға даяр болғанымыз, бейбітшілікті ту етке­німіз – мұның бәрі Елбасы саясатының же­місі екеніне ешкім дау айта алмайды. Со­нымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевтың ұдайы «Елдің болашағы – жастар» деп ай­тып жүретіні көңілді қанаттандырады. Жас­тарға арнап «Болашақ» бағдар­ла­ма­сының ашылуы, Орталық Азияда теңдесі жоқ­ Назарбаев университетінің салынуы, білім қуған жасқа бар жағдай жасалуы на­зардан тыс қалмауы керек-ті. Мемлекеттің дамуы үшін жастардың сая­си ұстанымы мен көзқарасын біліп-зерт­теп отыру аса маңызды. Соған орай биыл Алматы қаласының әкімдігімен бір­лесе отырып, «Жастардың саяси мә­де­ние­тін зерттеп, оны дамытудың жолдары мен тетіктері» тақырыбында стратегиялық сес­сиялар мен семинарлар сериясын өт­кіз­дік. Мемлекеттік органдардың жастарға ба­ғытталған бағдарламаларын жүйелеуге осы­лай үлес қоссақ дейміз. Осы елдің тұт­қа­сын ойлайтын жас буынның саяси бел­сенділігін арттыру, қоғамдық-саяси үде­ріс­терді түсінуіне жағдай жасау қажет. Осын­дай шараларға атсалысып жүрген­дік­тен, өз шығармама Елбасының еңбегін ар­қау етуім заңды еді. – Әдетте «Әдебиет – ардың ісі» дейді. Әдебиетке саясатты, белгілі бір тұлғаны ар­қау ету қиын емес пе? Өйткені саяси тұл­ға­лар мен оқиғаларды жазғанда суреттеуден гөрі деректерді баяндау басым түсетін сияқты. – Меніңше, әдебиетке саясатты немесе бел­гілі бір тұлғаны арқау ету қиын емес. Олай болса, Шыңғысхан, Әмір Темір, То­ми­рис сияқты тарихи тұлғалар туралы та­лай құнды шығарма жазылмас еді. Әри­не, саясатты, мейлі ол қай заманғы саясат бол­сын, көркем туындыға арқау еткенде шы­ғарма желісі тарихи шындыққа қан­шалықты сәйкес келеді – бұл бөлек әң­гіме. Әр автор өз стиліне және мақ­са­ты­на сай өз таңдауын жасайды. Меніңше, саяси құбылыстар туралы, саяси тұлғалар туралы жазғанда шығарманың көркемдік жағына көңіл аударудан бөлек нақты деректерден, тарихи оқиғалардан ауытқымаған дұрыс. Сондықтан мен шығармамда деректерге жүгіне отырып, ел аузындағы әңгімелерді негізге алып, Тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл­дық тарихына шолу жасауға тырыс­тым. – Қазақстанның тәуелсіздік алуы мен ел іргесінің бекем болуында Елбасының еңбегі өте зор. Дегенмен қайраткер тұлғасы әде­биет­те қалай сомдалуы керек екені жөнінде та­лас көп. Сіздіңше Елбасы бейнесі қалай си­патталуы керек? – Жалпы, Қазақстан дегенде менің көз ал­дыма Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елес­тейді. Себебі біздің буын – тәуелсіз Қа­­­зақстанның өз Әліппесін ең бірінші бо­лып қолға алған ұрпақ. Оның бірінші бе­тінде Нұрсұлтан Әбішұлының жас оқу­шыларға арнау сөзі мен қолтаңбасы бол­ғаны әлі есімде. Өзім тәуелсіздіктің құр­да­сы болғандықтан, еліміздің осы жыл­дары қалай дамығанына куәмін. Сая­сат­танушы ретінде әрбір елдің қалыптасуына, дамуына орасан еңбек сіңірген тұлғалар тура­лы да зерттедім. Мысалы, АҚШ-та өз пре­зиденттерін ұлықтау қалыпты нәрсе, мем­лекеттік саясатқа ғана емес, қоғамдық мә­дениетке де дендеп еніп кеткен. Қытай Халық Республикасында болған кезінде көсем Мао Цзедунға деген халық құрметі ерек­ше екенін өз көзіммен көрдім. Ал біздің Нұрсұлтан Әбішұлына көрсететін құрметіміздің сипаты бөлек. Бізде ғана емес, халықаралық саясатта да Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын өте жоғары дең­гейде бағаланады. Сондықтан, менің ойым­ша Елбасы мен егемендік – егіз ұғым. – Жуырда Елбасы жас ұрпаққа Үндеу жолдап, «Елдіктің 7 тұғырын» атаған бо­латын. Бұл – Тәуелсіздіктен бастау алып, азат елдің іргесін бекем қылатын, Елбасы жылдар бойы насихаттап, ұдайы назарында ұстап келген қағидаттар. Елбасы 7 тұғырды санада жаңғырту арқылы жастарға нені меңзеді деп ойлайсыз? – Елбасымыз әрдайым жастарды қол­дап келеді. 90-жылдардағы экономикалық күр­делі жағдайға қарамастан жастардың шет­елдің ең мықты университеттерінде бі­лім алуына жол ашылды. Жастарды қол­дау мақсатында көптеген мемлекеттік бағ­дарлама құрылды. 2019 жыл Жастар жы­лы деп аталғанын білеміз. Қазір жастар же­ке кәсіп ашу үшін мемлекеттен қай­тарым­сыз грант ала алады. Одан бөлек, 29-ға толмаған, жұмыс істейтін жастарға жал­дамалы пәтер беру арқылы жеке пәтер сатып алуға қаражат жинауға мүмкіндік жасап отыр. Алматыда «Алматы жастары», Нұр-Сұлтанда «Елорда жастары», Шым­кент­те «Шымкент жастары» бағдар­ла­ма­лары жастардың баспаналы болуына мүм­кіндік береді. «Дипломмен – ауылға!», «Сәтті қадам», «Жастар кадрлық резерві», Қа­зақстан Республикасы Тұңғыш Пре­зи­дентінің қорынан тағылымдамаға арнал­ған гранттар және басқа да түрлі бағдарлама бар. Оқимын, жұмыс істеймін деген жас­тар­ға барлық мүмкіндік жасалған. Меніңше, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­тың «Елдіктің 7 тұғыры» атты қағи­дат­тар­дың атауы ұлттың дүниетанымымен үн­де­сіп жатыр. Жеті саны – қазақ халқы үшін кие­лі сан. Ал 7 тұғыр ретінде сипатталған ба­­­ғыттар – Елбасының ұдайы айтып, ке­зін­­де жеке-жеке тоқталған, қоғамға ұсын­ған құндылықтары. Нұрсұлтан Әбішұлы мұны түйіндеп, жас буынға ұғынықты болу үшін қорытып, қайта ұсынды. Бұл – аға буын­ның жастарға арнаған аманаты. Сон­дықтан Елбасы айтқан 7 бағытты өмірлік ұста­ным ету жастардың борышы болса ке­рек. Ал «Елдіктің 7 тұғырында» сипатталған құн­дылықтардың әдебиеттегі көрінісіне кел­сек, меніңше аты аталып, түсі түстел­ме­се де біздің әдебиетте бұл құндылықтар на­зардан тыс қалған жоқ. Көркем әдебиет әдетте оқиғаны тура сипаттамайтынын, әр­леп суреттейтінін ескерсек, тәуелсіздік ал­ғаннан кейінгі жылдардағы әдебиетте 7 тұғырдың негізін қалаған құндылықтар жазылып келеді. Тек әдебиеттегі месседжді ұғы­на білу керек. – Айтпақшы, Сіз қазақтың ел есінде қал­ған басшылардың еңбегін «Қасым хан­ның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» деп атаған дәстүріне ұқсатып Елбасының Қа­зақстанды басқарған жылдарын, Тәуел­сіздіктің алғашқы 30 жылындағы дамуды «Нұрсұлтанның нұрлы жолы» деп атау тура­лы ұсыныс айттыңыз. Мұндай ұсынысты қан­дай негізге сүйеніп айттыңыз? – Біз, қазақ, әр дәуірге атау берген ха­лық­пыз ғой. Еліміздің тарихына үңілсек, қай­ратты Қасым хан, ержүрек Есім хан, әділ болған Хақназар хан, тарландай Тәуке хан қатарлы өз дәуірлерінде Қазақ ханды­ғы­­ның көркеюі үшін шайқасқан, дұш­па­ны­мен алысқан, ел үшін жан берген, қа­зақ­қа «қой үстіне бозторғай жұмырт­қа­ла­ған» заман орнатуды көздеген тұлғалардың аз болмағанын көреміз. Сондай батыр ба­баларымыздың арқасында қазір осын­дай алып, кең-байтақ елде еш алаңсыз өмір сүріп жатырмыз. Ал Тәуелсіздігіміздің алғашқы 30 жылдығы «Нұрсұлтанның нұрлы жолы» деуге әбден лайық деп ой­лай­мын. Себебі егемен елімізді ешкімге жем қылмай, территориялық тұтастықты сақ­тап қалған, Қазақстанның бейбітсүйгіш ұста­нымын әлемге паш ете отырып, оның ғаламдық аренада ешкімге тәуелсіз, дербес мем­лекет ретінде мойындалуына бірден-бір себепші болған тұлға – Елбасы. Еура­зия­лық кеңістіктегі тұрақтылық пен қауіп­сіз­дікке кепіл болатын бастамалар көтеру, халықаралық ұйымдарға төрағалық ету, дамыған 50 елдің қатарына енуді мақсат ету – Нұрсұлтан Назарбаевтың ғаламдық деңгейде кесіп-пішетін саясаткер екенін көрсетеді. Қазақ «таудың биіктігі алыстан білінер» дейді. Сондықтан кейінгі ұрпақ бүгінгі жетістіктерге ғылыми және тарихи тұрғыдан өз бағасын береді деп ойлаймын. Мысалы, Американың тұңғыш президенті Джордж Вашингтонның, Түркияның ал­ғашқы президенті Мұстафа Кемал Ата­түрік­тің қадірі уақыт өткен сайын арта түс­кенін көріп отырмыз. Сондықтан мен тәуел­сіздік буыны ретінде осындай ұсыныс айт­тым, бұл бір жағынан, «жақсының жақ­сылығын айт, нұры тасысын» деген қағида, екін­ші жағынан – қазіргі тарихқа өзіндік баға беруге талпыныс. – Ақыры саясат ауылынан алыс кете ал­мадық. Ендеше осы саладан да бір сауалымыз болсын. Былтыр «Nur Otan» партиясы праймериз арқылы депутаттар құра­мын жаңартты. Жастар мен әйелдерге арнайы квота бөлінді. Кейін бұл норма пар­тиялар қызметін реттейтін заңдарға арнайы енгізілді. Қалай ойлайсыз, күн санап құ­бы­лып жатқан жаһандық трендтерге ілесуге талпынып жүрген жастарды арнайы квота арқылы саясатқа араластыру мүмкін бе? Пайдалы тәсіл ме бұл? – «Nur Otan» партиясы праймериз ар­қы­лы жастарға ғана емес, сонымен қатар әйелдерге де арнайы квота бөлді. Сая­сат­танушы ретінде «Nur Otan»-ның бұл іш­кі партиялық сайлау саясатын жоғары ба­ғалаймын. Себебі демократиялы елдерде сая­­сатпен айналысуға әрбір адамға мүм­кін­дік беріледі. Жастардың саяси көзі ашық болуы әрбір ел үшін маңызды. Елімізде әйелдерді де қолдайтын бағ­дар­ламалар да жеткілікті деп айта аламын. Мы­салы, көпбалалы ана, жалғызбасты ана не­месе мүгедек баланы асырап отырған ана­ларға «Бақытты отбасы» деп аталатын, жыл­дық пайызы ең төмен 2% болатын, тұр­ғын үй мәселесін шешуге арналған бағ­дарлама бар. Одан бөлек, әйелдер үй ке­зегіне тұрып «Шаңырақ», «Ұмай» бағд­ар­ла­­­масына қатысып, баспаналы бола ала­ды. Өз бизнесін ашқысы келетін әйелдерді қол­дайтын «Атамекен» ұлттық пала­та­сы­ның «Бастау» атты қайтарымсыз гранты бар. Сонымен қатар әкімшіліктердің қол­дауымен жүзеге асып жатқан «Қолдау» ат­ты әлеуметтік бағдарламаны да атап өтуге болады. Президент жанындағы Әйел­­дер істері және отбасылық-демог­ра­фиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия бар. Қысқасы, әйелдерді қолдау жөнінен де елімізде өзгелерге үлгі боларлық қадам­дар жасалған. Ал әлеуметтік сипаттағы бұл саясатты «Nur Otan» партиясының прай­мери­зі саяси бағытқа бұрды. Мемлекет әйел­дер мен жастарды ел басқаруға, ел тағ­дырына қатысты шешім қабылдауға қа­тыстыруға мүдделі болып отыр. Менің­ше, «Nur Otan» партиясының праймери­зін­де сынақтан өтіп, кейін партиялар ту­ралы заңнамаға енгізілген осынау ұстаным мем­лекеттің дамуына тың серпін береді де­ген ойдамын. Өйткені «жас келсе – іске» дей­ді халқымыз. Ал әйел затының таби­ғаты мейірімге, жылылыққа толы. Өйткені әйел – Ана. Ал Ананың көңілі тек баласы үшін ғана емес, елі үшін де елжіреп тұрады. – Алдыңғы буын ішінен әдебиет арқылы сая­сатқа келген, жоғары лауазымды мем­ле­кеттік қызмет атқарған тұлғаларды кез­дес­тіреміз. Бүгінгі жазушылар ше, олар сая­си қайраткер болуға қаншалықты ұм­ты­лады? – Менің ойымша, қаламгер қоғамда бо­лып жатқан өзгерістерден, саяси үдеріс­тер­ден тысқары тұра алмайды. Қазіргі де­путаттардың құрамына көз жүгіртсек, олар­дың арасында қалам ұстаған журна­лис­тер де, жазушылар да баршылық. Осы орай­да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет басқару ісінде үнемі қаламгер қауым­мен, зиялы қауым өкілдерімен ұдайы ақылдасып отырғаны көп жайтты аң­ғартса керек. «Әдебиет – ардың ісі» деп өзіңіз айтып қалдыңыз ғой, әдебиет ауы­лы­ның өкілдері «адам жанының инженер­лері» ретінде саясат көшінің дұрыс бағыт алуы­на бағдар сілтеп отыруы тиіс. Сон­дық­тан ел басқару ісіне әлі талай ақын-жазу­шының араласатынына күмәнім жоқ. – Әңгімеңізге рақмет!