Журналист Мақсат Толықбай елден ақша жинап, биыл қуаңшылықтан малы қырылған шаруалар үшін шөп шапқан Құрмет Талапқазыға үй алып бермек. Бұл туралы журналист Facebook-тағы парақшасында жазды.
Журналистің бастамасымен елден 9 миллион теңгеге жуық қаражат жиналған. Оған қосымша «Асылтас» қоры 9 миллион теңге қосты.
«Еңбегімді бағалап жатқан қарапайым халыққа, ел ағаларына алғысымды айтамын», – деді Құрмет Талапқазы.
Бұған дейін ел үшін еңбек еткен Құрмет Талапқазы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің араласуымен университетке тегін оқуға қабылданған еді.
"Адал" партиясы Құрмет Талапқазыға 2 миллион теңгенің сертификатын табыстаған болатын.