Салоннан алған жаңа көліктерді есепке қою уақытша тоқтатылды
Салоннан алған жаңа көліктерді есепке қою уақытша тоқтатылды
© yaplakal.com
204
оқылды
Бұл туралы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.
Мемлекеттік кірістер комитетінің жұмысындағы ақау салдарынан базадағы деректер халыққа қызмет көрсету орталығының ақпараттық жүйесінде көрсетілмей тұр. Сондықтан автосалоннан сатып алынатын жаңа көліктерді есепке қою қызметі уақытша қолжетімсіз. Жауапты орган тарапынан ақауды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.
Жүйенің қалпына келтірілгені және жаңа көліктерді тіркеу бойынша қызметтің қайта жүргізіле бастағаны туралы қосымша хабарланатын болады.