11 өңірде ескерту жарияланды
11 өңірде ескерту жарияланды
© stan.kz
169
оқылды
Еліміздегі 11 өңір аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, – деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК. 28 желтоқсанда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Талдықорғанда да түнде және таңертен тұман түседі, көктайғақ. Ақмола облысының басым бөлігінде жаяу бұрқасын жүреді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с-ке жетеді. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, жаяу бұрқасын соғады. Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, солтүстіктен тұман күтіледі. Ақтөбеде кей уақыттарда тұман түсуі ықтимал. Қызылорда облысының оңтүстігінде, сондай-ақ Қызылордада тұман түседі. Нұр-Сұлтанда жаяу бұрқасын жүреді, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оралда түнде және таңертең тұман түседі. Қарағанды облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі. Қостанай облысының орталық бөлігінде және оңтүстігінде жаяу бұрқасын соғады. Ал солтүстігінде тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Қостанайда 28 желтоқсанда жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні түнде 15-20 м/с. Павлодар облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында екпіні 18 м/с.