Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петербургке келді. Ол ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысады.
"Елбасы Ресей Федерациясы президентінің шақыртуымен Санкт-Петербург қаласына ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін келді" делінген хабарламада.