Елді мекендер ауызсумен қамтылды
Елді мекендер ауызсумен қамтылды
207
оқылды
«Nur Otan» партиясының «Өз­герістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласының сайлауалды бағдар­ламасын іске асыру бойынша әзірленген Жол картасында ин­фрақұрылымды дамыту мәсе­лесі айрықша көрсетілген.  Шымкентте биыл елді мекендерді сапалы ауызсумен қамту бағытында 14 нысанның құрылысы жүргізілді. Оның 11-і – ішкі орамдық жүйе, үшеуі – 30 шақырымды құрайтын магистралды құбыр. Нәтижесінде, Тұран, Асар-2, Солтүстік саяжай, Ынтымақ-2, Батыс, Жаңатұрлан және Ақтас-2, Жаңаталап, Сәуле (276 орам) және Нұртас елді мекенінде ауызсу мәселесі түбегейлі шешілді. Енді жыл соңына дейін сумен жаб­дықтау көрсеткішін 98 пайызға, ал қаланың даму жоспары бойынша 2023 жылы 100 пайызға жеткізу көз­делген. Сонымен қатар биыл құбыр тарту жұмысы басталған Құрсай шағынау­данындағы құрылысты келер жылы аяқтап, пайдалануға беру жоспар­ланған. Қайнарбұлақ пен Сайрам тұрғын алабында ауызсумен қамту құрылысы 2022 жылы жүргізілетін болды. Сондай-ақ Жол картасында бел­гіленген жоспар бойынша Шымкент қаласының Байтұрсынов көшесі №86 және №87 үйлердің аулалары толық абаттандырылып, пайдалануға берілді. Аталған аулалардың ашылу салтанатына мәслихат депутаты, фракция мүшесі Наргиза Керімбаева мен Әл-Фараби аудандық филиалы «Оңтүстік» бастауыш партия ұйымы­ның төрағасы Мұхтар Ахтаев қатысты. – Бүгін Байтұрсынов көшесінің №86 үй ауласындағы спорт алаңын халық игілігіне тапсырып тұрмыз. Ал ба­лалар ойын алаңы былтыр қолда­нысқа берілген болатын. Сондай-ақ №87 үйдің ауласы толығымен абат­тан­дырылды. Саламатты өмір салтын ұстану үшін барлық жағдай жасалған. Онда да балалар және спорт алаң­шалары, демалуға арналған бастырма, орындықтар, қоқыс жәшіктері және ойын элементтері орнатылды. Ере­сектер үшін воркаут аймағы бар,– деді Наргиза Керімбаева. Аудан аулаларында көріктендіру жұмыстары бекітілген мерзімінен бұ­рын аяқталып, тұрғындарды қуантуда.