Экологиялық кеңес мүшелері бас қосты
Экологиялық кеңес мүшелері бас қосты
393
оқылды
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы аймақтық Экологиялық кеңе­сінің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысына «Nur Otan» пар­тиясы Жамбыл облыстық фи­лиалы төрағасының орынбасары М.Мәтен, облыс әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пай­далануды реттеу басқармасы бас­шысының орынба­сары Ж.Айтақов, Жамбыл облысы Экология депар­та­ментінің бөлім басшысы С.Нұрбаев, «Қазфосфат» ЖШС-нің бас экологі А.Қарағалиев және тағы басқалар қатысты. Күн тәртібінде «Өңірдегі қоқыс үйін­ділері мен полигондарды эколо­гиялық талаптарға сәйкес келтіру» және «Өңірде өнеркәсіптік зауыттар­дың жұмысы барысында қоршаған ортаға химиялық және өнеркәсіптік қалдықтарының түсуі және автокөлік шығындыларының  қоршаған ортаға кері әсері» мәселелері қаралды. Тараз қаласы мен аудан әкімдерінің салалық орынбасарлары, тиісті бөлім басшы­лары, аумақтық филиалдар жанынан құрылған Экологиялық кеңестердің төра­ғалары аталған жиында өз пікір­лерін ортаға салды. Сонымен қатар отырыста облыс әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайда­ла­нуды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Ж.Айтақов, Жамбыл облысы Экология департаментінің бөлім басшысы С.Нұрбаевтың және «Қазфосфат» ЖШС-ның бас экологі А.Қарағалиевтің баяндамалары тың­далды. Өз кезегінде кеңес төрағасы, облыс­тық мәслихаттың депутаты Ф.Жүнісова және кеңес мүшелері Н.Ракишева, Р.Турегелдиевалар «жасыл желектер» құру мәселесін сөз етті. Сондай-ақ мемлекеттік мекеме­лер­ге қарата өңірдегі қоқыс үйінділері мен полигондарды экологиялық та­лап­тарға сай қылу, қоқыс полигон­да­рындағы тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау секілді маңызды ұсыныс айтылды. Жиын соңында барлық ұсыныстар ескеріліп, кеңес мүшелері тарапынан бақылауға алынатыны хабарланды.

А.ЖАСАНҰЛЫ