2022 жылы І жартыжылдықта ревакцинациядан 9 миллион адам өтуі керек – Мамин
2022 жылы І жартыжылдықта ревакцинациядан 9 миллион адам өтуі керек – Мамин
Фото: ehonews.kz
255
оқылды

Үкімет басшысы Асқар Мамин вакцинация қарқынын күшейту керегін айтты.

2022 жылдың І жартыжылдығында 9 миллион адам үшінші рет вакцина алуы тиіс.

«Қазір елімізде эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Науқастар саны едәуір азайды. «Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы қалды. Эпидемиологиялық ахуал қайта ушықпау үшін жаппай ревакцинацияны күшейту керек. 2022 жылдың І жартыжылдығында шамамен 9 миллион адам ревакциналаудан өтуі керек», – деді Асқар Мамин.

Бұған дейін жалған вакцинация паспортымен ұсталған қажылар туралы жазған болатынбыз.