Ratel.kz мәліметінше, сейсенбіде сағат шамамен 12 кезінде Алматының Жетісу ауданында балабақшада балаларды ұрып-соққан тәрбиеші асылып қалған.
Көз жұмған тәрбиеші көпбалалы ана болған.
Оның мәйітін оқиға орнына келген полицейлер жуынатын бөлмеден тапқан. Мәйіттен зорлық белгілері анықталған жоқ. Өлім алдында хат жазып қалдырмаған.
Істі құқық қорғау органдары тергеп жатыр.
Бұған дейін Алматыда ата-аналар балаларын ұрып-соққан тәрбиешіге қатысты шындықты айтқанын жазған болатынбыз.