Алматы дәрігерлері пойыздың төбесінде видео түсіру кезінде токқа түсіп, аман қалған жасөспірімнің жағдайын айтты, – деп хабарлады қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасы.
«2007 жылы туған С. есімді науқас 27 желтоқсан күні медициналық жедел жәрдем бригадасымен №4 қалалық клиникалық аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді. Электр жарақаты диагнозымен түсті. Ол балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығына ауыстырылды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы өте ауыр. Анестезиология, реанимация және интенсивті терапия бөлімінде жатыр, жасына сәйкес интенсивті терапия алуда», – делінген хабарламада.
Бұған дейін Алматыда пойыздың үстінде видео түсірмек болған 2 бозбаланың біреуі сол жерде көз жұмғанын жазған болатынбыз.