Алматыда Жаңа жылға арналған мерекелік отшашу болмайды, – деп хабарлады қалалық әкімдік.
«Алматыда коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі қалалық штабтың хабарлауынша, COVID-19 бойынша эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты әрі адамдар көп шоғырланған орындарда азаматтардың жұқтыру жағдайларының алдын алу мақсатында Алматыда 31 желтоқсанда мерекелік отшашу жоспарланбайды», – делінген әкімдік таратқан ақпаратта.
25 желтоқсаннан қаңтар айының соңына дейін мегаполисте 60-тан астам түрлі іс шара өтеді. Оның ішінде балаларға арналған ертеңгіліктер, театр қойылымдары, концерттер бар.
Жаңа жылға арналған мәдени іс-шаралардың бағдарламасымен Алматы қалалық мәдениет басқармасының Instagram парақшасынан танысуға болады.