Синоптиктер 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.
Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында боран, тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Алматы облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Алакөл аймағында желдің жылдамдығы 18-23 м/с-ке жетеді.
Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында боран соғып, шығысында 15-20 м/с жел тұрады. Павлодар облысының батысында боран соғып, жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде бұрқасын болса, оңтүстік-шығысында тұман түседі.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында бұрқасын болады, облыс орталығында жел 15-20 м/с-ке дейін күшейеді.
Қызылорда облысының оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.
Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Түркістан, Жамбыл облыстарының солтүстігінде, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман күтіледі.
Атырау облысының батысында, шығысында және орталығында тұман, көктайғақ күтіледі.