Елордада балаларға арналған ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынған
Елордада балаларға арналған ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынған
© inform.kz
367
оқылды
Елордада балаларға арналған ұжымдық іс-шаралар өткізуге тыйым салынған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ұжымдық сипаттағы барлық ертеңгіліктерге тыйым салынған. Ертеңгіліктерді мектептерде сыныпта, балабақшаларда топта ғана әртүрлі уақытта ата-аналарының қатысуынсыз, аниматорларды шақырмай өткізуге рұқсат беріледі. Жеке сипаттағы ертеңгіліктерге қатысты айтар болсам, мұндай іс-шаралар түрлі ұжымдардың, әртүрлі балалардың қатысуымен өтетін болғандықтан, оларға тыйым салынған», – деді ол елорда әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.
Оның атап өтуінше, бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысымен анықталған іс-шараларға ғана Ashyq жобасымен келушілердің де, қызметкерлердің де мәртебесі «жасыл» болғанда рұқсат беріледі.
«Яғни, ұйымдар мен нысандарға арналған ұжымдық іс-шаралар келушілердің де, қызметкерлердің де бәрінде «жасыл» мәртебе болуы тиіс. Балалар Ашық жобасына қатыспайтындықтан олардың қатысуымен ұжымдық іс-шараларын өткізуге болмайды», – деді Сархат Бейсенова.