Нұр-Сұлтанда коронавирус инфекциясының «дельта плюс» штамы анықталды. Бұл туралы қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, – деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Желтоқсан айының басында жүргізілген зерттеу нәтижелерінің мәліметтеріне сәйкес, елордада «дельта» және «дельта плюс» штамы айналымда жүр», – деді ол қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сөз арасында елорданың бас дәрігері мәліметтерге тоқталып өтті.