Ұлттық банк Роза Бағлановаға арнап монета шығарады
Ұлттық банк Роза Бағлановаға арнап монета шығарады
Фото: nationalbank.kz
375
оқылды

Қазақстан Ұлттық банкі Роза Бағланованың 100 жылдығына арнап коллекциялық монетаны айналымға шығарады.

Монетаның сатылымға шығатын күніне қатысты ақпарат Ұлттық сайтында қосымша жарияланады.

ROZA BAǴLANOVA. 100 JYL  коллекциялық монетасы туралы

Номиналы 100 теңгелік мельхиордан соғылған монета «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясын жалғастырады. КСРО Халық артисі, Қазақстанның Халық Қаһарманы, әнші Роза Бағланованың туғанына 2022 жылы 100 жыл толады.   [caption id="attachment_177736" align="alignnone" width="1000"] width= Фото: nationalbank.kz[/caption] Монета бетінің (аверсінің) орталық бөлігінде Қазақстанның Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген. Елтаңбаның оң жағы мен сол жағында ою-өрнек элементтері орналасқан. Монетаны айналдыра QAZAQSTAN ULTTYQ BANKI • NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN деген жазу жазылған. Төменгі бөлігінен монетаның номиналын білдіретін 100 TEŃGE жазуы бар.

Монетаның екінші бетінде (реверсінде) Роза Бағланованың суреті, портреттің сол жағында мерейтойлық датаны білдіретін  100 JYL деген жазу бар. Монетаны айналдыра «Ах, Самара-городок» әнінің ноталары, ROZA BAǴLANOVA, монетаның шыққан жылын білдіретін «2022» деген жазу бар.

Коллекциялық монета МН25 мельхиор құймасынан, 15 грамм салмақта, 33 мм диаметрмен, brilliant uncirculated сапада, 100 теңгелік номиналмен 15 000 дана болып шықты.

Монетаны барлық банкте айырбастап, ұсақтап, төлем жасауға болады. Коллекциялық монета Қазақстанның теңге сарайында жасалған.