Маңғыстауда шетелдік бортмеханик теңізге секіріп кетті
Маңғыстауда шетелдік бортмеханик теңізге секіріп кетті
Фото: Аzertag.az
159
оқылды

Маңғыстау облысы Қарақия ауданы «Жыланды тау» аймағында жағалаудан бес шақырым жерде «Қарабақ» (Әзербайжан Республикасыред.) паромының 40 жастағы бортмеханигі теңізге секіріп кетті.

Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады, – деп жазады Lada.kz. Құтқарушыларға хабар кеше сағат 11:30-да түскен.

«Қарақақия ауданындағы «Құрық» портында 1981 жылы туған Әзербайжан азаматы, «Қарабақ» паромының бортмеханигі суға секіріп кетті. Іздестіріліп жатыр», – деді құтқарушылар.

Бортмеханикті іздестіруге Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті, «Құрық» порты мен Қазақстан шекара қызметінің мамандары жұмылдырылған.