Қаңтар айында ауа райы қандай болады?
Қаңтар айында ауа райы қандай болады?
Фото: Kazlenta.kz
287
оқылды
Синоптиктердің мәліметінше, қаңтар айының басында Қазақстанның басым бөлігінде жоғары қысым аймағының әсері сақталады, осыған байланысты аязды, аз бұлтты ауа райы болжанады. Алайда еліміздің батыс аймақтарына Солтүстік циклон жырасының тереңдеуімен, жауын-шашын, желдің күшеюі, көктайғақ болжанады. Циклон жырасының шығыс бағытта ығысуына байланысты республиканың қалған аумағында да ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, солтүстік өңірлерде бұрқасын, екпінді жел, оңтүстік өңірлерде жауын-шашын (қар мен жаңбыр түрінде), көктайғақ және тұман күтіледі. Ауа температурасы еліміздің солтүстік бөлігінде түнде -17-28°С-тан -3-13°С-қа дейін, күндіз -10-18°С-тан 0,-8°С-қа дейін, оңтүстік жартысында күндіз +5+12°С-қа дейін, елдің батысында -3+2°С-қа дейін біртіндеп жоғарылайды. Бірінші онкүндіктің ортасында ҚР аумағына кезекті суық антициклон әсер ете бастайды. Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, бірінші онкүндіктің соңында ҚР шығысында да түнгі сағаттарда термометр бағандары -17-32°С-қа дейін, оңтүстік жартысында -3-13°С-қа дейін, батысында -8-23°С-қа дейін төмендейді. Синоптиктердің болжауынша, мұндай ауа райы ұзаққа созылмайды, өйткені батыстан антициклонның орнына Скандинавия аймақтарынан циклон қайтадан ауысады, онымен ауа райы тұрақсыз болады. Консультативтік ауа райы болжамына сәйкес, 2022 жылғы қаңтардың екінші және үшінші онкүндіктерінде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы бірінші онкүндіктегі сияқты жиі өзгереді, аязды күндерді жылы күндер алмастырады, қар жауады, бұрқасын мен екпінді жел болжанады