БҚО-да ауа райына байланысты республикалық жол жабылды
БҚО-да ауа райына байланысты республикалық жол жабылды
248
оқылды
Батыс Қазақстан облысында қолайсыз ауа райына байланысты республикалық жол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, «ҚазАвтоЖол» ҰК« АҚ БҚО филиалының мәліметі бойынша 1 қаңтар күні жергілікті сағат 20.30-дан бастап республикалық маңызы бар Самара-Шымкент (266-392 км, Подстепныйдан Жымпиты ауылына дейін) жолында барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Жолдың жабылу себебі - жолдың көрінбеуі, сулы қар, боран.
ТЖ департаменті осыған байланысты ескерту жариялап, аталған бағытта алысқа шықпау керектігін жеткізді.