Ведомствода 1 қаңтар сағат 16.43-те ТЖД пультіне "Ақ бұлақ" тау шаңғы кешенінде ұшқан әуе шарының жел екпінінен сақтандыру арқаны үзіліп кеткені туралы хабарлама келіп түскені айтылды. Нәтижесінде ішіндегі адамды тау жаққа алып кеткен.
"Оқиға орнына Талғар-2 МӨСБ және республикалық жедел-құтқару жасағынан ҚР ТЖМ бөлімше қызметкерлері дереу келді. Ұшып кеткен шарда ұшу жөнінде нұсқау беретін қызметкер болып шықты. Ол дағдыларының арқасында өздігінен қонды", - деп мәлімдеді Алматы облысы ТЖД өкілі.
Талғар мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері оны Солдатсай шатқалынан тауып, қауіпсіз жерге жеткізген.