Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді, түнде шығысы мен оңтүстік-шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
Атырау облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с-ке күшейеді, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, оңтүстігінде тұман түседі.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде жел 15-20 м/с, жаяу бұрқасын жүреді, оңтүстігінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, тұман түсіп, көктайғақ болады, батысында жел 15-20 м/с соғады.
Түнде Ақтөбе облысының батысы мен солтүстік-батысында жаяу бұрқасын күтіледі.
Алматы облысының солтүстігі мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі, Алакөл маңында жел 18-23, екпіні 29 м/с-ке дейін күшейеді.
Жамбыл облысының солтүстігі мен таулы аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады, оңтүстік-батысы мен таулы аудандарында жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен орталығында түнде және таңертең тұманды болады, күндіз батысы мен солтүстігінде жел 15-20 м/с-ке күшейеді.
Ақмола облысының солтүстігінде жел 15-20 м/с, күндіз батысы мен оңтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болады.
Түнде Түркістан облысының солтүстігінде тұман түседі.
Қарағанды облысының оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады.