Шығыс Қазақстан облысында полиция қызметкері жол апатынан қаза тапқан. Қайғылы оқиға 2 қаңтар күні таңғы сағат төрт шамасында Семей-Өскемен тас жолының 25-ші шақырымында болған, - деп жазады exk.kz.
2 қаңтар күні таңғы сағат 04.00 шамасында Семей-Өскемен тас жолының 25 шақырымында Семейден келе жатқан Lada-2170 маркалы көлік иесі жолға шығып кеткен жаяу жолаушыны қағып кетті. Жаяу адам алған жарақаттарынан көз жұмды, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған.