Гебрейесус өзінің жаңажылдық жолдауында «омикрон» штамының пайда болу себебін асыра ұлтшылдық пен кейбір елдердегі вакциналардың артық қорымен байланыстырды. ДДҰ жақында өз азаматтарына үшінші екпе алуды ұсынған әлемнің бай елдерін бірнеше рет сынға алды, ал көптеген аймақтарда халықтың айтарлықтай бөлігі вакцинаның алғашқы дозасын да алмаған.
ДДҰ басшысының пікірінше, әділдік қағидаты неғұрлым ұзақ бұзылса, біз алдын-ала болжай да алмайтын вирустың одан әрі өзгеру қаупі соғұрлым жоғары болмақ.
Сарапшылардың пікірінше, вирустың жаңа мутациясы белсенді таралу үстінде. «Омикронның» өршуі әлемде аурудың күрт өсуіне әкелді, бірақ алдын-ала мәліметтер бойынша әлем бойынша жұқтырған адамдар ауруханаларда аз кездеседі.