Синоптиктер 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райына болжамын жариялады, – деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
«4 қаңтардан бастап жылу мен ылғалдың үлкен қоры бар циклондар сериясы еліміздің көп бөлігіндегі ауа райына әсер етеді. Жауын-шашын, негізінен, қар жауып, жел күшейеді, сондай-ақ ауа температурасы жоғарылайды. Алайда, кейін оны суық батыс антициклоны алмастырады. Жауын-шашын тыйылып, ауа температурасы айтарлықтай төмендейді. Алдымен батыста, содан кейін шығыс бағытта және елдің қалған бөлігінде осылай жалғасады. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында түнде 20-25, кей жерлерде 30 градус аяз болжанады», – делінген хабарламада.