Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Заң мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысуын қысқартуға, кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, сондай-ақ тауар нарықтарына кіру үшін әкімшілік және экономикалық кедергілерді қысқартуға бағытталған.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/memleket-basshysy-basekelestikti-damytu-turaly-zanga-kol-koydy_a3881130