Тараз қаласындағы теміржол вокзалы жөндеуден өткеннен кейін жолаушыларға есігін айқара ашты.
Тараз вокзалында жөндеу жұмыстарын жүргізу біраз жыл бұрын жоспарланған болатын. Жоспар 2021 жылы жүзеге асырылды. Вокзал ғимаратының ішкі қабырғалары, қасбеті мен шатыры жаңартылып, жылу, су және электрмен жабдықтау жүйелері, жолаушылар үшін күту аймақтары кеңейтіліп жөнделді. Вокзалда жүріп-тұруы қиын тұрғындар үшін де жағдай жасалған. Екінші қабатта аймақ тарихы көрсетілген тақырыптық инсталляция орнатылған.
Жаңажылдық мереке күндері еліміздің барлық вокзалы штаттық режимде жұмыс істеді және жұмыс істеуде. Вокзал қызметкерлері жолаушылардың мерекелік көңіл-күйі, олардың жол жүру жайлылығы, ақпаратқа қолжетімділігі және жолдағы қауіпсіздігі үшін барлық жағдайды жасайды.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ теміржол көлігіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша алдын алу іс-шараларын тұрақты негізде жүргізеді. Бақылау мереке күндері және мектеп демалысы кезінде күшейтіледі. Биыл мерекелік демалыс кезінде теміржолшылар көлік полициясы қызметкерлерімен және күзет қызметімен бірлесіп профилактикалық қауіпсіздік рейдтерін өткізді. Қауіптілігі жоғары аймақтарда анықталған құқық бұзушылармен түсіндіру сұхбаттары жүргізілді.
Сонымен қатар, Аshyq қосымшасы арқылы вокзал ғимараттарына өтуге тырысқан «сары» мәртебесі бар карантиндік шаралардың екі бұзушысы анықталды. 2021 жылғы 1 шілдеден бастап вокзалдарда Аshyq қосымшасы пайдаланылып, 769 қызыл және сары мәртебесі бар адам анықталды (сәйкесінше 518 және 251).
"ҚТЖ" ҰК" АҚ азаматтарға абай болуды, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және темір жолға қауіптілігі жоғары нысан ретінде қарауды сұрайды.
Бейтарап QR-кодтың көмегімен Аshyq.kz сайтында орналастырылған осы бағдарламаны қолдайтын және басқа қосымшалар арқылы өз мәртебеңізді алдын ала тексеріп алу қажет.