Әскерилер балалар үшін мұз қалашығын салды
Әскерилер балалар үшін мұз қалашығын салды
©www.inform.kz
321
оқылды

Семейде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері балаларға арнап мұз қалашығын салған. Бұл жайында Семей гарнизоны баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың мәліметінше, әскерилер «Жастық» қалашығы аумағында мұздан лабиринт жасап, айналасын ертегі кейіпкерлерінің мүсіндерін бейнелеген. Қалашықты гарнизонның әскери бөлімдерінің жеке құрамы жасады. Оған барлығы жүз текше метрден астам қар мен екі жүз текше метр су жұмсалған.
Балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында қалашықтың ашылу салтанаттына екі мыңнан астам бала қатысты. Олар үшін мерекелік бағдарлама, ыстық шай және жылыту орындары әзірленген.