Бұл жайында Lada.kz хабарлады. Олардың хабарлауынша, куәгерлер 32В шағын ауданында, “Шаңырақ” тұрғын үй кешенінің маңынан ер адамның мәйіті табылғанын айтқан.
“Бәлкім, біреулер танитиын шығар немесе іздеп жатқан болар”, – дейді куәгерлер.
Ал полиция департаментінің мәліметінше, мәйіт қаңтардың 3-нен 4-не қараған түні табылған.
"1972 жылғы ер адамның мәйітінде зорлықпен өлтіру белгілері табылмады. Қазір аталмыш дерек бойынша сот-медициналық сараптамасы тағайындалды”, – деді полицейлер.