Жанар-жағармай, коммуналдық төлем бағасы жарты жылға дейін көтерілмейді – Тоқаев
Жанар-жағармай, коммуналдық төлем бағасы жарты жылға дейін көтерілмейді – Тоқаев
Фото: halqym.kz
391
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты кеңес өткізді.

Мемлекет басшысы мұнай өнімдерінің бағасына 180 күнге мораторий жариялады. Баға мемлекет тарапынан қадағаланады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты кеңесте Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-экономикалық ахуалды тұрақтандыру үшін тапсырма берді.
  1. Мұнай өнімдерінің (бензин, дизель, сұйытылған газ) бағасына мемлекеттік реттеуді 180 күнге енгізу;
  2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы бойынша мемлекеттік реттеуді енгізу. Шешімді нақты аймақтағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға қарай өңірлердің әкімдері қабылдайды;
  3. «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заңды әзірлеуге кірісу;
  4. Халық үшін 180 күнге коммуналдық тарифтерді көтеруге мораторий енгізу қажеттігін қарастыру;
  5. Халықтың әлеуметтік жағдайы нашар топтары үшін нарықтағы баспананы жалға алу құнын субсидиялау мәселесін қарастыру;
  6. Денсаулық сақтау және балалар мәселелерін шешу үшін «Қазақстан халқына» деп аталатын қоғамдық қор құру, оны мемлекеттік және жеке көздер арқылы қаржыландыру.
Жиында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов, Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов баяндама жасады.