Өкінішке қарай, қаңтар күні террористердің әрекетінен Almaty телеарнасының қызметкері Мұратхан Базарабаев қаза тауып, оның әріптесі жарақат алды, – деп хабарлайды «Хабар 24».
Басқа да журналистер зәбір көрген. Содырлар Алматыдағы «МИР», «Евразия», «Қазақстан», «Хабар» редакцияларын өртке орап, мұрағатын жойып, техникаларын қиратқан. ҚазТелерадио ғимаратына бірнеше рет шабуыл жасалды. Мұның барлығы БАҚ-тың қалыпты жұмыс істеуіне кедергі келтіріп отыр.
Мұратхан Базарбаевтың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.