Елбасы қазір Нұр-Сұлтан қаласында  – Айдос Үкібай
Елбасы қазір Нұр-Сұлтан қаласында  – Айдос Үкібай
Фото: newsroom.kz
266
оқылды
Елбасының баспасөз хатшысы-кеңесші  Айдос Үкібай Елбасы қазір Нұр-Сұлтан қаласында екенін айтып, жалған ақпарат таратпауды сұрады. "Елбасы Қазақстанның елордасы Нұр-Сұлтан қаласында. Жалған ақпарат таратпауды сұраймыз. Елбасы бірқатар консультативтік кездесулер өткізіп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен тікелей байланыста. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға жанашыр мемлекеттердің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті. Елбасы баршаны қазіргі сын-қатерлерді еңсеру және еліміздің тұтастығын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Президентінің айналасына топтасуға шақырады" – деп жазды ол.