– Ереуіл басталған күннен бәрін көріп, біліп отырмыз. Халықтың уәжіне қосыламын. Расымен, елдегі қымбатшылық қарапайым жұртқа ауыр тиді. Үкімет жағынан да кемшілік жеткілікті. Сондықтан халықтың бүкіл ұсынысын қабылдау керек. Бірақ бейбіт жолмен басталған ереуілдің арты ушығып кетті. Тәртіпсіздікке бару, бұзақылық жасау, дүкендерді тонау, ғимараттарды өртеу, медицина қызметкерлеріне қиянат ету дұрыс емес. Айналаны сындырып, қирату – өз-өзіңе зиян келтіру. Елдің тірнектеп тапқан еңбегіне жасалған дүниені қирату – бассыздыққа барғаны. Мұндайды мен қолдамаймын. Бұрын-соңды болмаған тәртіпсіздік. Тіпті, 1986 жылғы көтеріліс ондай болған жоқ. Оған қоса, ереуілшілердің ішінде араңдатушылар, бұзақылар бар. Осыларға еріп арасында жастарымыз да жүр. Өмірлеріне балта шабылмаса екен.
Ереуілшілердің талаптарына құлақ асып, Үкімет бітімгершілікке келіп отыр. Енді неге екі жақты келісімге келмей отырғанын түсінбедім. Осыған халық құлақ асса екен. Амандықта, тыныштықта болайық.