– Қоғамды толқытпай, еліміздің ынтымақ-бірлігін сақтау өте қажет. Жастарға айтарым да сол. Ең алдымен мәдениеттілік керек. Тәртіп бұзу бұл жақсы нәрсе емес. Қоғамның өресін көтереміз десек, еліміздің дамуын қалыптастырамыз десек, біз кері кетпеуіміз керек. Біржақты айыптаудан аулақпын. Ең бастысы араңдатушыларға ерік бермеу керек. Бұл қарсы әрекет тудырады. Билік пен халық арасындағы диалогты бұзады, көпір салудың орнына қиратады. Үкімет осы мәселені оң шешеді деп сенемін.
Қоғамда қандай сілкіністер болса да, ақын-жазушылар қашан да халықтың жағында. Халықтың тілегін, сөзін сөйлеу – біздің парыз-міндетіміз. Біз болып жатқан оқиғаларға қатты алаңдаулымыз. Бәрі бейбіт жолмен шешіліп, халықтың талап, тілегі орындалады деген үміттеміз. Ақын- жазушылар халықтың жоғын жоқтаушы, мұңын мұңдаушы. Біз халықпен біргеміз!