Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы қайтыс болды
Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы қайтыс болды
Фото: gov.kz
529
оқылды

Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшысы, генерал Жанат Сүлейменов қайтыс болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады.

«Жанат Сүлейменов қайтыс болғаны рас. Бірақ қандай жағдайда қайтыс болғаны анықталып жатыр», – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

Жанат Сүлейменов 1962 жылы дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1980 жылдан бастап қызмет етеді. Түрлі жылдары есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеттерді, криминалдық полицияны, көліктегі полиция департаменттерін, сондай-ақ Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында департамент басқарды. 2017-2019 жылдары Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы лауазымына Жанат Сүлейменов 2020 жылдың ақпан айында Қордайдағы қақтығыстан кейін тағайындалған болатын.