Макс Боқаев қайғылы оқиғаларға өзінің кінәлі екенін айтты
Макс Боқаев қайғылы оқиғаларға өзінің кінәлі екенін айтты
302
оқылды
Азаматтық белсенді Макс Боқаев Атырауда болған тәртіпсіздікті өзі бастағанын мойындап, халық алдында сөйледі. 
"Өкінішке қарай, қақтығыс кезінде бір адам қаза тапты. Жас бала. Бұл халық үшін де, мен үшін де өте ауыр жағдай. Маған кетіп қалу керек еді. "Макс сен бастадың, енді аяқта" деген соң келістім.  Осы қайғылы оқиғаның салдары маған өте ауыр тиді. Кінә менде. Себебі мен 2 күн 1 түн алаңға барып, митингті басқарып жүрдім. Содан кейін алаңда отандастарыма осындай митингті басқаруды доғарамын дедім", - деді ол БАҚ өкілдері мен көпшілік жиналған жиында.
2016 жылы 5 жылға сотталған Макс Боқаев 2021 жылы 4 ақпанда қамаудан босатылған бойда бірден Атыраудың орталық алаңына барып, халықты митингке шығып, билік пен Конституцияны өзгертуге шақырды. Бұған дейін қазақстандық күш құрылымдары террорист деген күдікпен ұстаған қырғызстандық музыкант Викрам Рузахунов қамаудан босатылғанын жазған болатынбыз. https://www.youtube.com/watch?v=3vucMM3VLY0