Алматыдағы үш ақша айырбастау пунктінен 300 млн теңге ұрланған
Алматыдағы үш ақша айырбастау пунктінен 300 млн теңге ұрланған
© inbusiness.kz
418
оқылды
Ақша айырбастау пунктері қауымдастығының мәліметінше, Алматы қаласында үш айырбастау пункті тоналған. Белгілі болғандай, әрбір айырбастау пунктінен кем дегенде 100 млн теңге ұрланған.
«Нарықтың басқа қатысушыларына келтірілген шығын мөлшері туралы ақпарат кейінірек белгілі болады. Ұлттық Банктің талабы бойынша айырбастау пунктерінің әрқайсысының кассасында жарғылық капиталдың кемінде 100%-ы болуы тиіс. Сондықтан көптеген ақша айырбастау пунктерінде жарғылық капитал кассада болған», – деді айырбастау пункттері қауымдастығының басшысы Арчин Ғалымбаев.
Бұған дейін Алматыда шеру басталып, қала әкімдігі мен прокуратурасы отқа оранғанын хабарлаған болатынбыз. Тәртіпсіздік белең алған өңірлерде алаңға шығып, митингке қатысқан 8 мыңға жуық адам ұсталды.