Алматы комендатурасы қай аудандарда қауіп сейілгенін айтты
Алматы комендатурасы қай аудандарда қауіп сейілгенін айтты
263
оқылды

Алматы комендатурасының мәліметінше, қаланың бірнеше ауданы лаңкестерден тазартылды.

Атап айтқанда, Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы, сондай-ақ «Өжет» ықшамауданы мен Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақта лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілді.

Лаңкестік, тонау және басқа да қылмысқа қатысқан 1 237 адам ұсталды. 31 қару мен 1 428 оқ-дәрі тәркіленді. Блокбекеттерде 38 адам ұсталды. 102 пультіне 608 хабарлама түсті. Комендатураның call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 253 дабыл түсті.

Бұған дейін Алматы базарларында ұсталған бүлікшілер туралы хабарлаған болатынбыз.