Генадий Шиповских: Басты құндылық – тәуелсіздік
Генадий Шиповских: Басты құндылық –  тәуелсіздік
181
оқылды
– Біз қазір қиын кезеңде тұрмыз. Алайда елімізде болып жатқан жағдайларға қарамастан халқымыз мызғымас бір­лігін сақтап тұр. Жақында ғана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнайы Үндеуін жа­риялаған болатын. Онда Президент елімізге қатер төнгенін, дау-дамай жайдан-жай туындамағанын атап өтті, дер кезінде шұғыл шешім қабылдап, оң қадам жасады. Бүгінде біз Президенттің жанына топтасуымыз қажет. Оның бастамаларын қолдап, ел бірлігін, татулығын сақтауға атсалысуымыз керек. Өйткені тұрғындардың ұйымдастырған бейбіт шеруіне алдын ала жоспарланған арнайы топ ара­ласып, халық арасына іріткі салды. Қазір бізге жалған ақпараттарға сенуге немесе жалған ақпарат таратуға болмайды. Тек қана ресми ақпараттарға сенім артып, сабыр сақтап, ауызбіршілігімізді жоғалтпаға­нымыз абзал. Мұндай келеңсіз жағдайлар алдағы уақытта қайталанбауы тиіс. Қазір Алматымызды лаңкестерден тазарту үшін антитеррорлық операциялар жүргізіліп жатыр. Қылмысқа қатысы бар адамдар алдағы уақытта қатаң жазаға тартылады. Тағы да қайталап айтамын, біздің басты құндылығымыз – тәуелсіздігіміз. Ал халықтың күші – бірлікте. Осындай кезде халқымыз Мемлекет басшысының жанынан табылып, оның әр бастамаларына қолдау білдіретініне сенемін.