Айбек Дәдебаев Президенттің Іс басқарушысы болып тағайындалды
Айбек Дәдебаев Президенттің Іс басқарушысы болып тағайындалды
© 24.kz
375
оқылды
Айбек Дәдебаев  Президенттің Іс басқарушысы қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды  Ақорданың ресми сайты. 
«Айбек Арқабайұлы Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысы лауазымына тағайындалсын», – делінген Президент Жарлығында.
Бұған дейін Айбек Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып жұмыс істеген. Айта кетерлігі, Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Дәдебаев Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды. Сондай-ақ ол Парламент Сенаты төрағасы хатшылығының меңгерушісі және Президент кеңсесі бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. Еске сала кетсек, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Еркінұлы Баттақов Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы лауазымынан босатылды.