Түркияда қалып қойған 800-ге жуық қазақстандық елге оралды
Түркияда қалып қойған 800-ге жуық қазақстандық елге оралды
230
оқылды
Елдегі жағдайдан шетелде мыңдаған отандасымыз қалып қойды. Басым бөлігі Түркияда. 5 қаңтардан бері 800-ге жуығы Елшілік пен Стамбулдағы Бас консулдықтағы жедел штабтың арқасында аман-есен елге оралды, – деп хабарлайды 24.kz. Бірнеше күннен бері Түркиядағы отандастарымызды сол елдегі жерлестер ыстық тамақ пен жатын орынмен қамтамасыз етті. 100 кісі ақысыз қонақүйге орналасты. 75 жолаушы билетпен қамтамасыз етілді. Бас консулдықтың мәлімдеуінше, алдағы бірнеше күнде жағдай толығымен қалпына келеді. https://www.youtube.com/watch?v=nrMNe9BroOs&feature=emb_title