«Nur Otan» партиясы қашанда халықпен бірге екенін көрсетіп, өзінің барлық күш-қуатын халықты қолдауға, елдікті сақтауға және тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағыттайды. Елімізде болған төтенше жағдайдан соң партияның барлық ресурсы Мемлекет басшысының елдегі тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған тапсырмаларын орындауға жұмылдырылды.
Алматыда кәсіпкерлер, меценаттар, мәслихат депутаттары қатарынан «Nur Otan» партиясының жүзге жуық белсендісі әскери қызметшілерге, патрульдік-күзетшілерге, метрополитен мен қаланың коммуналдық қызметкерлеріне гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастырып жатыр. «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері мен партияның Алматы қалалық филиалының белсенділері, сондай-ақ праймериз қатысушылары Аида Бекманова, Бақтияр Блаев, Бақытбек Жұмабаев, Талғат Тілешев және басқалары аудандық әкімдіктермен, Rahym әлеуметтік үйімен бірлесіп, тұрмысы төмен, көмекке мұқтаж алматылықтарға бірінші кезекте қажетті азық-түлікпен, ыстық тамақпен қамтамасыз етті. «КазФерроСталь» ЖШС жанындағы бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қайырымдылық мұқтаждықтарына және қаланы абаттандыруды қамтамасыз етуге 4,5 млн теңге, ал «АЗМК» ЖШС жанындағы бастауыш партия ұйымына 6 млн теңге бөлді. Әуезов ауданында аз қамтылған тұрғындарға 6,5 млн теңгеге, Наурызбай және Алатау аудандарында 5,5 млн теңгеге көмек көрсетілді.
«Jas Otan» Жастар қанаты еріктілерінің күшімен екі мыңнан астам әскери қызметші, құқық қорғау органдары мен коммуналдық жұмыс қызметкерлері 6 қаңтардан бастап үздіксіз ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Гуманитарлық көмекпен Алматының 10 жоғары оқу орны мен колледждерінің
2 мың студенті қамтылды.
Осы сағатта Алматы қаласының барлық ауданына шамамен 30 млн теңге көлемінде көмек көрсетілді. Партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейіржан Отыншиевтің айтуынша, алматылық партиялықтар өзара іс-қимыл мен алғашқы көмек көрсетуді жалғастырады.
Қазір «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен облыс көлемінде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Жергілікті меценаттардың, әр деңгейдегі мәслихат депутаттарының, «Jas Otan» Жастар қанаты мен партия белсенділері тарапынан 7 қаңтардан бері әскери және полиция қызметкерлеріне гуманитарлық көмек көрсетілді. Оның ішінде облыс аумағында блок-бекеттерді қою мақсатында «Jas Otan» Жастар қанаты арнайы бекет құратын турникеттер жеткізіп берді. Еріктілер жасағы күнделікті блок-бекеттегі адамдарға ыстық тамақ және жанар-жағармаймен қамтамасыз етуде. Мәселен, Қарасай ауданында «Ана мен бала» қайырымдылық мекемесінің ұйымдастыруымен ауыл тұрғындарына азық-түлік, ұн таратылған болса, Талдықорған қалалық мәслихат депутаты, фракция жетекшісі А.Жазықбаев ерекше күтімді қажет ететін азаматтарға азық-түлік себеттерін таратты. Сонымен қатар облыстық мәслихат депутаттары Ж.Жазықпаева, А.Сүлейменов, С.Нұрдәулетов, С.Шеңгелбаев, Б.Абишов, Д.Каримов және партия жақтасы В.Өмірбеков, Талдықорған қалалық мәслихат депутаттары Қ.Жұмабаева, Ә.Манликов пен «Білім» БПҰ мүшелерінің ұйымдастыруымен облыс көлемінде орналасқан блок-бекеттерге ыстық тамақ жеткізілді.
Бүгінде партия мүшелері мен жақтастарының қолдауымен 10 000 литрден астам жанар-жағармай және 7 млн теңге көлемінде азық-түлікпен көмек көрсетілді. Облыс көлемінде құрылған қоғамдық пікір көшбасшылары, фракция мүшелері мен БПҰ төрағалары жеке аккаунттарынан Жетісу жұртшылығын бірлік пен сабырға шақырып, посттар жариялап жатыр.
Батыс Қазақстан облысында да осы тектес жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Фракция мүшелері қаланың барлық 20 округіне бөлініп, Мемлекет басшысының тапсырмаларын түсіндіру бойынша рейдтер жүргізді. Қалалық және облыстық фракцияның депутаттары құқық қорғау органдарына ыстық тамақ ұйымдастырды. Қала орталығының CALL байланыс орталығына келіп түскен арыз-шағымдар, ұсыныстарға БПҰ басшылары мен фракция депутаттары өздеріне сеніп тапсырылған округтерге облыстағы жағдай туралы хабарлап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Облыстық «Jas Otan» Жастар қанаты еріктілері блок-бекеттердегі тәртіп сақшыларына 50-ден астам ыстық тамақ пен дәруменге толы жеміс-жидектер таратуды ұйымдастырды.
Орал қаласында «Халық сақшысы» жасақтары құрылды. Тұрғындар қаладағы қауіпсіздікті сақтау, қоғамды тұрақтандыру мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне көмектесу үшін біріккен. Олардың ішінде спортшылар және өзге салаларда қызмет ететін волонтерлер бар. Өндірісте жұмыс істейтін 500 ерікті қаладағы тәртіп сақшыларының қасына жиылып, көмек етуге дайын екендерін жеткізді. Қаланың тыныс-тіршілігіне бейжай қарамайтын еріктілер қоғамдық тәртіпті сақтау үшін бар ынтасын салып көмектесіп жатыр. 100-ден астам жасотандық белсенділер коменданттық сағаттың талаптарын сақтау жөніндегі түсіндірме үн қағаздарын таратып, мұқтаж жандарға демеушілердің көмегімен азық-түліктер жеткізуді тоқтатқан емес. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасады. «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаевтың айтуынша, қазір атқарушы органдардың, қарапайым партия мүшелерінің, қоғамның үйлесімді жұмысының арқасында облыста жағдай тұрақты.
«Nur Otan» партияcының Жамбыл облыстық филиалы Мемлекет басшысын қолдай отырып, елдегі тұрақтылықты қайта қалпына келтіруге атсалысып келеді. Арандатушылардың сөзіне еріп, облыс орталығына тәртіпсіздік белең алған уақытта бірқатар партияның мүшелері, халық қалаулылары жиналғандарға басу айтып, тәртіпке шақырды.
Қазір партия мүшелері, кәсіпкерлер және көптеген ерікті бірлесе отырып, тәртіпсіздік уақытында зардап шеккен нысандарды қайта қалпына келтіру жұмыстарына кірісіп кетті. Атап айтқанда, олар облыс аумағындағы блок-бекеттердегі тәртіп сақшыларын ыстық аспен қамтамасыз етуде. Сондай-ақ облыстық филиалдың қызметкерлері мен белсенді партия мүшелері жарақат алғандар үшін қан тапсырды.
Шымкент қаласында да филиал тарапынан бірқатар жұмыс жүзеге асырылып жатыр. Қалалық филиалдың өртенуіне байланысты қалалық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясы фракциясы мүшелері «Жастарды қолдау» аймақтық қоғамдық кеңес төрағасы, «Отау строй» ЖШС бас директоры Аслан Алимбек, М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры, Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы, «Білім және ғылым» БПҰ төрайымы Дария Қожамжарова және фракция жетекшісінің орынбасары Sairam-Orkeniet БПҰ төрайымы, Сайрам көмекші-интернат колледжінің директоры Жадыра Таңатарова өздерінің жеке есептерінен ғимаратты жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Барлық фракция мүшелері күнделікті қауіпсіздікті қамтамасыз етіп тұрған еріктілер мен әскери қызметкерлерге тамақ тасып жүр. Фракция мүшелері, меценат, «Санали групп» ЖШС директорының орынбасары Байкен Әшірбаев және кәсіпкер-меценат Мұрат Жолдыхожаев тәулік бойы қалада қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 200 азаматтан тұратын еріктілер тобын құрып, өз үлесін қосты.
М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры, Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы, «Білім және ғылым» БПҰ төрайымы Дария Қожамжарованың және ОҚПУ проректоры, «Білім және ғылымды дамыту» жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңес төрайымы Баршагүл Исабектің жетекшілігімен университеттердің ұжымы және студенттер төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен науқастар үшін қан тапсырды. Қаладағы филиалдың 35 қоғамдық пікір көшбасшылары мен барлық фракция мүшелері, 51 БПҰ төрағалары, 11 аймақтық кеңес төрағалары мен мүшелері және «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері жеке аккаунттарында жұртшылықты бірлік пен сабырға шақыратын пост жариялады.
Бүгінде әр аймақта барлық партия мүшесі мен жақтастары өздерінің адал еңбектерімен, жеке қаражаттарымен бұзақылар қолымен бұзылған ғимараттарды қалпына келтіруге көмектесіп жатыр. Сондай-ақ тәртіп сақшыларын ыстық тамақпен, жекелеген гигиеналық заттармен қамтамасыз етіп жүр. Бұл жұмыстар жер-жерде асқан ұйымшылдықпен жүргізіліп жатыр. Ел тұтастығын сақтау мақсатында бүкіл халық жұдырықтай жұмылып, бұл қиындықтан да бірге өтетініне сенім білдіреді.