Алматыда бүлікшілер өрт сөндірушілерді ғимаратқа қамап, өртеп жіберген – видео
Алматыда бүлікшілер өрт сөндірушілерді ғимаратқа қамап, өртеп жіберген – видео
Фото: ТЖД-нен алынды
281
оқылды

Бірақ содырлар өрт сөндірушілерді ғимаратқа қамап, қайтадан өртеген. Бұл туралы Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады.

5 қаңтар күні сағат 14.30-да 101-пультіне Алмалы ауданы, Бөгенбай батыр көшесі, 145 мекенжайында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Алматы қалалық басқармасының ғимараты жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Ғимарат ішіне қызметкерлерді қамап тастаған, олар көмек сұрап, айқайлап жатты. Құтқарушылар қауіпке қарамай өртті сөндіруге барды.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

Өрт орнына кіретін жолдардың ашық-жабығын ТЖД басшысы Руслан Қасыбаев Дағдарыстық жағдайларды басқару орталығынан бақылап, мониторинг жасап отырған. Соның арқасында өрт сөндірушілер шақырту орнына жетті. Оқиға орнына жеткен кезде ғимарат ішінде қалған адамдар өз бетімен шыға алмайтыны, кейбірі шатырға көтеріліп кеткені анықталды. Өрт сөндірушілер соққыға жығылса да, өрт сөндіретін техникасы қиратылғанына қарамастан, адамдарды құтқарды.  
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

27 адамды құтқарып, 35-ін эвакуациялады. Апаттық құтқару жұмысы аяқталған соң, бүлікшілер өрт сөндірушілерді соққыға жығып, өздерін сол ғимараттың ішіне қамап, ғимаратты қайта жағып жіберді. Қамалған өрт сөндірушілер іштегі өртті сөндіріп, сыртқа шықты.